
Исин Айбек Жумартович
мектеп директоры
2004-2006 жылдар аралығында Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжінде білім алған.
2006 жылдың 1 қыркүйегінен 2008 жылдың 27 мамырына дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Аралағаш орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2006-2011 жылдар аралығында Көкше академиясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша сырттай білім алған.
2008 жылдың 10 маусымынан 2009 жылдың 10 маусымына дейін әскери борышын (Ішкі істер министрлігі) Астана қаласында өтеген.
2009 жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 31 тамызына дейін Аралағаш орта мектебінде ұстаздық қызметін жалғастырды.
2011 жылдың 6 қазанынан 2012 жылдың 28 тамызына дейін Ивановская орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
2012 жылдың 13 қыркүйегінен 2013 жылдың 15 тамызына дейін Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
2013 жылдың 23 тамызынан 2014 жылдың 2 қыркүйегіне дейін Аққайың аудандық жасөспірімдер спорт мектебі директорының тәрбие және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдың 2 қыркүйегінен 2019 жылдың 31 тамызына дейін Астрахан орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі.
2019 жылдың 2 қыркүйегінен 2020 жылдың 3 тамызына дейін Смирновская мектеп-гимназиясында дене шынықтыру мұғалімі қызметін атқарды.
2020 жылдың 3 тамызынан 2024 жылдың 28 тамызына дейін Смирновская №1 ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеді.
2024 жылдың 2 қыркүйегінен 2025 жылдың 18 тамызына дейін No96 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру мұғалімі қызметін атқарды.
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін мектеп директоры, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Бастауыш сынып мұғалімі


Франковская Виктория Сергеевна
Мансап педагогы, бастауыш сынып мұғалімі

Кеңесші
Өнер мұғалімі
